АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА

«Қауіпсіз каникул – 2023»

«Баламен бірге жазғы демалыста»

Жаз - жылдың керемет мезгілі. Отбасылық демалыс – бұл өз балаңызға ең көп уақыт бөлетін кезіңіз. Бұл көптен күткен ерекше оқиғаны Сіздің балаңыз жыл бойы аңсап келді.

2 маусым 2023 жылы "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де "Қарлығаш" балалар сауықтыру лагері өз жұмысын жалғастыруда. Лагерьдің бұл күні "Еңбек күніне" арналды.

Таңертең әдеттегідей жаттығу жасалды. Жаттығу жасап болғаннан кейін балалармен еңбек түрлері туралы, соның ішінде балмұздақты қалай жасайтыны туралы қызықты видеолар тамашалап,диспут жүргізілді. Таңғы астан соң сауықтыру мектеп алаңында спорттық ойындар ойнады. Содан кейін балалармен «Алтын қазына іздеу» атты іс-шара өткізді, сыйлықтар алып, балалар мәз болды. Іс- шарадан кейін спорттық жарыс өткізілді. Балаларға «Еңбек» сызбасын дайындауға уақыт берілді. Балалар бұл жұмысқа қызу кірісті.Балалардың жасаған жоспары бойынша табиғатқа, сыныптарға саяхат жасалды.

Балалар «Табиғатты аялайық» бағыты бойынша, өздері жасаған жақсылықтарымен бөлісті.

"Тоқсан би орта мектебі" КММ-нің 4-сынып оқушысы Диана Смирнова "Қарлығаш" балаларды сауықтыру лагерінде демалды. Бірінші кезеңнің бағдарламасында көптеген қызықты іс-шаралар және тренингтер болды. Диана демалысына риза және оңды сезімдерге толы.
19 маусымда мектеп жанындағы лагерь тәрбиеленушілері үшін кітапханаға экскурсия ұйымдастырылды. Балалар қызықты уақыт өткізді, жаңа шығармалармен танысты. "ЕСІРТКІГЕ ЖОҚ деп айтайық"тақырыбында әңгіме өтті.

2023 жылғы 16 маусымда мектептің акт залында 9 сыныптың 64 түлегіне негізгі мектепті бітіргені туралы аттестаттар салтанатты түрде табысталды. Негізгі орта білім бітіргені туралы 12 түлекке оның ішінде:

Іс-шара барысында алғашқы мұғалімдер Ш.Д. Мұқашева, Малеванная Н.Р., З.С. Баяхметова , сынып жетекшілері Д.А. Әлібаева, А.В.Шаблий, Н.С.Шонашев, Оразбаева Ш.С. және түлектердің ата-аналары құттықтау сөз айтты.

Түлектер: Нұртасина Анель, Дулебо Дмитрий, Тимченко Анжелика, Бекенова Камила, Қонысбай Аружан алғыс сөз сөйледі. Белсенді ынтымақтастығы үшін мектептің алғыс хаттарымен ата-аналар марапатталды. Іс-шара жалпы естелік фотомен аяқталды.

19 маусым – 30 маусым аралығында Новоишим қазақ орта орта мектебінде «Қарлығаш» балаларды сауықтыру лагерінің

ІІ маусымының жұмысы басталды.

Балаларды шаттыққа бөлейтін жазғы лагерьдің ІІ маусымы да келіп жетті. «Қарлығаш» балаларды сауықтыру алаңының IІ маусымдық жұмысы танысу мерекесінен басталды. Жазғы сауықтыру лагеріндегі балалардың әрбір күндері қызыққа толы өтеді. Мектеп жанындағы «Қарлығаш» сауықтыру лагерінің бірінші күні «Танысу күні» болып белгіленді. Бұл күні балалар лагерьдің ашылу салтанатына қатысып, ұстаздармен техникалық қауіпсіздік ережелерімен және лагерь күн тәртібімен таныстырылды. Балаларды бір – бірімен таныстыру, сыйластыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында «Егер мен... » ойыны, «Мені таныдың ба?» (есте сақтау қабілетін арттыру ойындары), қазақтың ұлттық ойындары (жылдамдық пен тапқырлықты дамыту ), «Отбасым менің байлығым» фотоколлаж жасау ұйымдастырылды.

Балалар үшін бұл күні ойын-сауықтар ұйымдастырылып, «Сиқырлы қылқалам» әртүрлі суреттер салды. Барлық балалар бір-бірімен танысып, өздеріне жаңа достар тапқанына қуана үйлеріне тарасты.

Бүгін мектепте негізгі орта білім туралы аттестаттарды тапсыру рәсімі өтті. Овеян Тигран, Нурушева Асель, Қаирлымова Дамира үздік аттестатқа ие болды. Қазақстан тарихы, география, қазақ тілі және ағылшын тілі пәндерін оқытудағы ерекше жетістіктері үшін Овеян Тигран мен Казбеков Ринат Құрмет грамоталарымен марапатталды. Балаларға жақсы демалып, таңдаған жолда сәттілік тілейміз.
5 маусымнан балаларды жазғы демалыспен қамту үшін мектеп жанындағы алаң жұмысын бастады. Күн сайын педагогтар таза ауада қызықты ойындар өткізеді, шығармашылық қызметін ұйымдастырады, қатынас дағдыларын, топта өзара әрекеттесу біліктілігін дамытады.
«Бірлік орта мектебі» КММ-де мектеп жанындағы лагерь өз жұмысын сергектік пен жақсы көңіл-күйді көтеру үшін таңертеңгілік жаттығулардан бастады. Балалар күні бойына оң энергиямен зарядталды. Жазғы лагерьдің жоспары бойынша балалар тәрбиешімен бірге ойын алаңдарына барып, ойнады