Меню KDT

Новости

Главная Новости

18.10.2023

Республика күнін мерекелеу аясында "Дюймовочка" шағын орталығының қызметкерлері "Жаңа Қазақстан".Таза табиғат"экологиялық акциясына қатысты

Республика күнін мерекелеу аясында "Дюймовочка" шағын орталығының қызметкерлері "Жаңа Қазақстан".Таза табиғат"экологиялық акциясына қатысты                                                                                      

17.10.2023

Зиянды заттардың адам ағзасына тигізер зияны»атты тақырыбында бейнероликтер көрсетілді.

Новоишим қазақ орта мектебінің жанындағы интернат оқушыларымен және Ресурстық орталығының Шұқыркөл орта мектебінің 9 - 10 - сынып оқушыларымен жоспарға сай 2023 жылдың 17 қазан күні  әлеуметтік педагог А.Байбулатованың жетекшілігімен «Зиянды заттардың адам ағзасына тигізер зияны»атты тақырыбында бейнероликтер көрсетілді. Мақсаты: Оқушыларға ішімдік ішу, шылым шегу, нашақорлық сияқты зиянды заттардың адам ағзасына тигізетін зияны, өміріне туғызатын қаупі туралы түсінік беру.Оқушыларға қойылған сұрақтарына толық жауап берді. Жалпы 41 оқушы қамтылды.

17.10.2023

«Темекі шегу туралы сенімді фактілер» атты тақырыбында жадынама таратылды. Барлық оқушылар қамтылды.

#Ұлттық_ мектеп_лигасы "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де 2023 жылдың 17 қазан күні жоспарға сәйкес әлеуметтік педагогтар А.Алгожина мен А.Байбулатованың  ұйымдастыруымен 5-10 - сынып оқушыларына «Темекі шегу туралы сенімді фактілер» атты тақырыбында жадынама таратылды. Барлық  оқушылар  қамтылды.

17.10.2023

Ресурстық орталығының Шұқыркөл орта мектебінің 9-сынып оқушыларына «Буллинг.Баланың барлық қатыгездіктен қорғалуға құқылы»атты тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді

Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де 2023 жылдың 17 қазан күні жоспарға сәйкес әлеуметтік педагог А.Байбулатованың ұйымдастыруымен 9-сынып оқушыларымен бірге Ресурстық орталығының Шұқыркөл орта мектебінің 9-сынып оқушыларына «Буллинг.Баланың барлық қатыгездіктен қорғалуға құқылы»атты тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.Мақсаты: Жасөспірім кезеңіндегі кездесетін буллингтің түрлерін, себептерін анықтау, қиыншылықтардың және оның алдын алу жұмысын жүргізу, буллинг туралы ақпаратты кеңейту.Оқушыларға Буллингтің түрлері туралы ақпараттар беріліп, бейнероликтер көрсетілді. Және оқушылармен викториналық ойындар ойнатылды.  Жалпы 42  оқушы қамтылды.

16.10.2023

Психологиялық денсаулық Онкүндігі

Психологиялық денсаулық Онкүндігінің шеңберінде 5-6 сыныптары арасында Психологиялық кросс өткізілді.