25 қазан күні Қазақстанда Ұлттық мереке – Республика Күні аталып өтуде. Бұл күн еліміздің тарихындағы басты болып табылады, өйткені дәл осы күні 1990 жылы мемлекеттік егемендік туралы Декларация қабылданды. Тоқсан би орта мектебінің педагогтар мен оқушылар ұжымы мерекемен құттықтайды. Ашық аспан және туған еліміздің гүлденуін тілейміз!
Республика күнін мерекелеу аясында аудан әкімінің орынбасарлары, білім бөлімінің басшысы, мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері мен аудан педагогтарының қатысуымен іс-шара өтті. 40 және одан да көп жыл еңбек өтілі бар 30 мұғалім Білім Министрлігінің Алғыс хатымен және «Еңбек Ардагері» медалімен марапатталды. Оқушылар мен мұғалімдердің қатысуымен концерттік бағдарлама дайындалды. Құттықтаймыз, Елена Евгеньевна!
В рамках празднивания Дня Республики проведено мероприятие с участием заместителя акима района, руководителя отдела образования, директоров школы, заведующих садов и педагогов района. 30 педагогов со стажем работы 40 и более лет награждены благодарственным письмом Министерства просвещения, медалью Еңбек ардагері. Подготовлена концертная программа силами учащихся и учителей. Поздравляем вас, Елена Евгеньевна!
Республика күніне орай КММ "
Сарыадыр Бастауыш Мектебі" 24 қазан күні "Мәңгі жаса - Қазақстаным" атты мерекелік іс - шара өткізді.
2023 жылдың 23 қазанында Республика Күнін тойлау қарсаныңда "Жас қыран" Бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымының қатарына жаңа мүшелері қабылданды.
Қазақстан Республикасы Күнін мерекелеу аясында 1,5 сынып оқушыларын "Жас ұлан","Жас қыран" балалар- жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдауға арналған салтанатты жиын өткізілді.
КММ "Сарыадыр Бастауыш Мектебі".
Республика күніне орай 23 қазан күні 4 сыныпта сынып сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге туған еліміздің тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу болды.
«Қоғамға қызмет» жобасы
Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық білімді, жыныстық қол сұғылмаушылықты насихаттау, оқушылардың сана сезімі мен жауапкершілігін, азаматтық белсенділігі мен құқықтық санасын қалыптастыру мақсатында 2023 жылдың 22 қыркүйек күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де Ғ. Мүсірепов атындағы аудан прокуроры Ж.С. Амиров,аудандық білім бөлімінің әдіскері И.Е. Баймағамбетова, мектеп директорының м.а. А.Е. Ргебаеваның қатысуымен 8-11 сынып оқушыларымен кездесу өтті. Іс-шара барысында 14 жасқа толмаған жасөспірімге қатысты жауапкершілік, жалпы кәмелет жасқа толмағандардың құқықтық жауапкершілігі туралы, оқушылардың күн тәртібін сақтау бойынша сөз қозғалды. Сонымен қатар оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға Ж.С. Амиров толық жауап беріп, кәсіптік бағдар беру мақсатында ҚР Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына түсу тәртібімен таныстырды. Кездесу қызықты және нәтижелі болды.
2023 жылдың 21 қазаны - мектептің өзін-өзі басқару Президентін сайлау күні. “Тоқсан би орта мектебі” КММ-нде сайлау өтті, оның нәтижесінде мектеп парламентінің Ұланбасы болып 10 сынып оқушысы Мотова Эллина сайланды.
2023 жылғы 21 қазанда мектеп парламентi Президентін сайлауы өткiзілдi. Дауыс беру қорытындысы бойынша 9 сынып оқушысы Ткаченко Кирилл мектеп Президенті болып сайланды.
Тарих және география апталығы аясында 8-сыныпта "география беттері бойынша"байқау-ойыны өтті. "Компас" командасы жеңді