Новоишим қазақ орта мектебінде 2023 жылдың 06 қазан күні әлеуметтік педагог А.Н.Байбулатованың жетекшілігімен 9-11 сынып оқушыларымен аудандық ішкі істер бөлімінің орынбасары Даурен Маулиевич Ибраевпен кездесу ұйымдастырылды. Дәріс барысында «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, жол-көлік жарақаттанудың, жол ережелері", «Буллингтің алдын алу», интернет желісіндегі ойын сауық туралы дәріс өткізілді. Мақсаты: оқушыларға жол-көлік оқиғасы бола қалған кезінде өздерін ұстай білу ережелерін меңгерту; қоғамдық орындарда өздерін ұстай білу, тәртіптерін сақтау, оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдыңдағы жауапкершілікті арттыру. Жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілік түрлерімен, және кәсіптік бағдар беру мақсатында ішкі істер бөліміне, құқық қорғау органдары академиясына түсу тәртібімен таныстырылды. Жалпы 85 оқушы қамтылды.

6 қазанда Привольное ауылында "Күзгі кросс" жарысы өтті. 2010 жылғы және одан кіші қыздар арасындағы кіші топта Завялова Алина мен Плахотина Алина өнер көрсетті, қыздар тұғырдан бір қадамда тоқтап, жақсы нәтиже көрсетті.Осы топта ұлдар арасында Қойманбаев Қасен 3 орын, Зардхан Нұржан 4 орын алды.

Муравьева Елизавета орта жас тобында өнер көрсетіп, 1 орынға ие болды.

2006 - 2007 жылы туған топта Дюсенова Дариға аудан чемпионы атанды. Құттықтаймыз!!!

6 қазанда 8-11 сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар байқауының аудандық кезеңі өткізілді, оған Шульга Т. П. жетекшілігімен 9 сынып оқушысы Ткаченко Кирилл қатысты.Байқау қорытындысы бойынша Кирилл тіл білімі секциясында 1 орын алды (тақырыбы: "Жасөспірімдер қолданатын ағылшын тілін үйренуге арналған мобильді қосымшаларды зерттеу").Құттықтаймыз! Облыстық кезеңде табыс тілейміз!
5 қазанда сынып жетекшілері Абукулов А. Б., Махметов А. С. жетекшілігімен мұғалімдер күніне арналған Дублер күні өтті. Бұл күні безендірілген мектепте барлық оқушылар мен педагогтарды тақырыптық музыкамен түлектер жанды дәлізбен қол шапалақтап қарсы алды. 10,11 сынып оқушылары оқу-тәрбие процесін ұйымдастырды. Келісілген кесте бойынша сабақтар 1-9 сыныптарда өткізілді. Мұғалімдер үшін 12-сыныпта оқу процесі ұйымдастырылды. Мерекелік көңіл-күй "Рақмет, аяулы Ұстазым!» аттысалтанатты жиынында ұласты.
“Сарыадыр Бастауыш Мектебі”КММ
📚5 қазан күні Сарыадыр бастауыш мектебінің оқушылары Ұстаздар мерекесімен құттықтау жолдады.