Әлеуметтік педагог Ремпель М.Г. 10 сынып оқушыларымен "Адам құқықтары туралы әзілмен де, байыпты да" танымдық ойынын өткізді. Балалар өздерінің құқықтары туралы жақсы білімдерін, құқықтық жағдайларды талдау қабілеттерін көрсетті.
4-9 сынып оқушылары арасында "Жол қозғалысы ережелерін білеміз және сақтаймыз" тақырыбы бойынша ақпараттық үгіт жүргізілді
<p>Мұғалім - ең асыл мамандықтардың бірі.</p><p>2023 жылғы 20 қарашада "Рузаевка орта мектебі" КММ-нің есіктері педагогикалық еңбек ардагерлерінің оқушы-педагогтармен, ұжыммен және мектеп оқушыларымен кездесуі үшін айқара ашылды. Кездесудің мақсаты ұрпақтар арасында диалог құру, тәжірибе мен эмоциямен алмасу болды. Іс-шара барысында алғыс айтылып, жылы лебіздер айтылды. Дәл осы күні педагогикалық еңбек ардагерлері Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хаттарымен марапатталды.</p><p>Құрметті педагогикалық еңбек ардагерлері, Сіздерді лайықты наградаларыңызбен шын жүректен құттықтаймыз, баға жетпес көпжылдық еңбектеріңіз үшін құрмет пен ризашылығымызды білдіреміз!</p>
"Токсан би орта мектебі" КММ-нде жас мамандары ағымдағы жылғы 17 қарашада Новоишим ОМ-де “Lesson Study педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру құралы ретінде " атты аудандық семинарға қатысты.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында “Тоқсан би орта мектебі” КММ-нде 20 қарашада 11:00 сағатта Жалпыреспубликалық “Еркін демал!” флешмобына қатысу ұйымдастырылды.