Психологиялық денсаулық Онкүндігінің шеңберінде 5-6 сыныптары арасында Психологиялық кросс өткізілді.

Білім министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы бұйрығымен орта білім беру ұйымдарының мектеп формасына қойылатын талаптарға өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды

Сонымен, қыздарға да, ұлдарға да мектеп формасының элементтеріне түймелері немесе сырмалы құлып бар тоқылған жемпір / кардиган, поло жейде немесе футболка қосылады.

Ұлдардың мектеп формасы:

пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.

Қыздардың мектеп формасы:

пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.

Зорлық-зомбылық пен буллинг: Қазақстанда сенім телефоны іске қосылды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандары 16 қазаннан бастап 111 бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығына тәулік бойы хабарласа алады. Қалалық нөмірлер мен ұялы байланыс операторлары үшін қоңырау шалу тегін. Азаматтарға қажетті көмек мәтіндік диалог арқылы да көрсетіледі. Бірыңғай сенім телефоны мемлекеттік шұғыл қызметтер тізбесіндегі 101, 102, 103 және т.б. нөмірлердің қатарына енгізіледі. Бұл азаматтарға құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу арқылы жедел түрде көмек көрсетуге мүмкіндік береді
“Тоқсан би орта мектебі” КММ- нде оқушылар және ата-аналар “ Мектеп формасы туралы Жадынамамен” таныстырылған. Оқушылар мектеп формасы мен оқушының сыртқы келбетіне арналған талаптарын сақтайды.