Новоишим қазақ орта мектебінің жанындағы интернат оқушыларымен және Ресурстық орталығының Шұқыркөл орта мектебінің 9 - 10 - сынып оқушыларымен жоспарға сай 2023 жылдың 17 қазан күні әлеуметтік педагог А.Байбулатованың жетекшілігімен «Зиянды заттардың адам ағзасына тигізер зияны»атты тақырыбында бейнероликтер көрсетілді. Мақсаты: Оқушыларға ішімдік ішу, шылым шегу, нашақорлық сияқты зиянды заттардың адам ағзасына тигізетін зияны, өміріне туғызатын қаупі туралы түсінік беру.Оқушыларға қойылған сұрақтарына толық жауап берді. Жалпы 41 оқушы қамтылды.
#Ұлттық_ мектеп_лигасы "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де 2023 жылдың 17 қазан күні жоспарға сәйкес әлеуметтік педагогтар А.Алгожина мен А.Байбулатованың ұйымдастыруымен 5-10 - сынып оқушыларына «Темекі шегу туралы сенімді фактілер» атты тақырыбында жадынама таратылды. Барлық оқушылар қамтылды.
Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де 2023 жылдың 17 қазан күні жоспарға сәйкес әлеуметтік педагог А.Байбулатованың ұйымдастыруымен 9-сынып оқушыларымен бірге Ресурстық орталығының Шұқыркөл орта мектебінің 9-сынып оқушыларына «Буллинг.Баланың барлық қатыгездіктен қорғалуға құқылы»атты тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.Мақсаты: Жасөспірім кезеңіндегі кездесетін буллингтің түрлерін, себептерін анықтау, қиыншылықтардың және оның алдын алу жұмысын жүргізу, буллинг туралы ақпаратты кеңейту.Оқушыларға Буллингтің түрлері туралы ақпараттар беріліп, бейнероликтер көрсетілді. Және оқушылармен викториналық ойындар ойнатылды. Жалпы 42 оқушы қамтылды.
Психологиялық денсаулық Онкүндігінің шеңберінде 5-6 сыныптары арасында Психологиялық кросс өткізілді.

Білім министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы бұйрығымен орта білім беру ұйымдарының мектеп формасына қойылатын талаптарға өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды

Сонымен, қыздарға да, ұлдарға да мектеп формасының элементтеріне түймелері немесе сырмалы құлып бар тоқылған жемпір / кардиган, поло жейде немесе футболка қосылады.

Ұлдардың мектеп формасы:

пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.

Қыздардың мектеп формасы:

пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.