Жаңа жылда әрқайсымыз ғажайыптар мен сиқырларды күтеміз. Биыл қызымыз Қазақстан Республикасы Президентінің атынан шыршаға қатысты. Елизавета осындай тамаша оқиғадан жағымды эмоциялар мен әсер алды. Ұйымдастырушыларға үлкен алғысымызды білдіреміз. Жаңа жылда баршаңызға бақыт, тыныштық және жақсылық тілейміз! Муравьевтар отбасы!
23-24 желтоқсанда 7 сынып оқушысы оқу үздігі, олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпазы және жүлдегері Қалымтай Мирас Петропавл қаласында жаңажылдық мерекеге қатысты. Кусаиновтар отбасы осы керемет және қызықты іс шара үшін алғыс білдіреді, осындай мүмкіндік сыйлағандарыңызға рақмет!!!
“Тоқсан би орта мектебі” КММ-нде шылым шегудің, электронды сигареттер, вейптерді қолданудың алдын алу мақсатында әлеуметтік педагог Ремпель М.Г. 9 сынып оқушылары үшін “Никотин. Әрекет жасаудың сырлары” бейнені көру және оны соңынан талқылау арқылы ұйымдастырылды.
Жаратылыстану ғылымдарының пәндік апталығын өткізу аясында Айнаш Құдайбергенқызы 4-сыныпта "Су ненi ерітеді. Су қалай ластанады".Оқушылар зерттеулер жүргізді, судың өмір үшін маңыздылығы, судың ластануының әртүрлі организмдер үшін салдары туралы әңгімеледі, судың ластануын азайту бойынша ұсыныстар жасады.
«Бірлік орта мектебі» КММ-де «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 20 минуттық оқу жалғасуда
19.12.2023 жылы "Новоишим №1 ОМ" ҚММ тамақтану сапасын бағалау жөніндегі комиссиясы мектеп асханасын тексеруді ұйымдастырды. Тексеру барысында Комиссия нормативтік құжаттарды қарап, мәзірден дайындалған тағамның дәмін татты. Мектеп асханасында тамақтану сапасын тексеру және құжаттаманы жүргізу нәтижелері бойынша нормаларға сәйкес келеді.
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні болып табылады. Бұл мереке Қазақстанда жыл сайын атап өтіледі және ел тарихындағы маңызды оқиғамен байланысты. <br />2023 жылғы 15 желтоқсанда Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында "Рузаевка орта мектебі" КММ 1-11 сыныптарында "16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күні" бірыңғай сынып сағаты өтті.<br />Мақсаты: оқушылардың бойында азаматтық пен патриотизм негіздерін қалыптастыру.
16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында 11-сынып оқушылары аудандық гір көтеру спорты жарыстарына қатысты. Дарменов Арафат пен Мотов Георгий 15-17 жастағы катысушылар арасынан өзінің салмақ санатында «Бір гірді жұлқып көтеру” жаттығуында, «Екі гірді кеудеден серпу» жаттығуында жеңімпаз атанды.