Наурыз мейрамы аясында Березовка ОМ және Старобелка НМ оқушыларымен бірлескен іс-шара өткізілді. Балалар ойындарға, байқаулар мен жарыстарға қатысты. Күн бірлескен мерекелік концертпен аяқталды, онда балалар вокалдық және хореографиялық қабілеттерін көрсетті. "ES Global agro" ЖШС әкімшілігі қайырымдылық түскі ас ұйымдастырды.
2024 жылдың 18 наурыз күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің оқушылары және ұстаздары «Ұлттық киім кию» челленджіне белсене қатысты. <br />Мақсаты: ұлттық құндылықты насихаттау, қазақтың салт-дәстүріндегі ұлттық өнегені оқушылар бойына дарыту, елге, жерге, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік сезімін оятып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
<div style="text-align:center;"><span style="font-family:'comic sans ms', sans-serif;font-size:10pt;">Ұлттық костюм-бұл ұлттық тарихты, мәдениетті, менталитетті бейнелейтін айна. Наурызнамның республикалық онкүндігі аясында біздің елімізде 18 наурыз күні Ұлттық киім күні Володар ауылдық кітапханасы "ұлттық костюм-ұлт қазынасы"этноателесімен кездесу өткізді.</span></div>
Наурыз мейрамын мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, сондай-ақ "Төрттен тоқсан-төрттен өнер" жобасын іске асыру аясында мектеп фойесінде "Ұлттық өнер" балалар шығармашылығы жұмыстарының көрмесі рәсімделді.