Меню KDT

Новости

Главная Новости

20.03.2024

«Жаса, Наурыз, дәстүрлі»

#НАУРЫЗ#МЕЙРАМЫ#
2024 жылдың 20 наурыз күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де Наурыз мерекесіне арналған «Жаса, Наурыз, дәстүрлі» атты мерекелік бағдарлама өтті. Іс-шара барысында «Адай күйі» , «Төрлет, Наурыз» , «16 қыз» атты әндері орындалып, «Беташар», «Қоныс той » салт-дәстүрлері көрсетілді. Мерекелік бағдарламаның 1-ші бөлімі жанға жағымды, тәнге пайдалы «Қара жорға» биімен аяқталды.
Бағдарламаның 2-ші бөлімінде «Шынықсан, шымыр боласын!» ұранымен ойнатылған «Арқан тарту», «Оқтау тартыс», «Асық ату», «Аударыспақ» ұлттық ойындары мерекенің шырайын келтірді.
Мерекелік бағдарламаның сонында оқушылар, ұстаздар, ата-аналар, дайындалған наурыз көжеден, ыстық палаудан, бауырсақтан дәм татып, өздерінің жылы лебіздерін білдіріп жатты.

20.03.2024

Наурыз мейрамын мерекелеу

Наурыз мейрамын мерекелеу аясында 20 наурыз күні мектеп ауласында мектеп директоры А.К. Нұрмағанбетованың жетекшілігімен оқушыларға, ата-аналарға, педагогтар мен қонақтарға арналған қайырымдылық үстелдерімен мерекелік концерт өтті. Салтанатты бөлім барысында Кенжебеков Аманали мен Султанбай Арсенханның орындауында халық күйлері шырқалды.

Потапова Алиса, Мурзагалиева Айдана, Айдархан Муслим әндерін орындады.

Қазақ биін көрермендерге 7 А сынып оқушылары Шаймерденова Сабина, Сабыржан Дильназ, Богданова Эльнара, Амантаева Айдана сыйға тартты

Мұғалімдер Хизат А.Х., Испаева А.Е., Нуртазина С.М. , Сулейменова Н.Е., Аржикеева М.М., Тансыкбаева Д.У,

Байсалбаева А.К., Беденов А.К., Махметов А.С., Даиров А.И., Шабанбаева А.А., Ашимова Ж.С., Хамет Б.Д., Касленкина Л.К. ұлттық салт-дәстүрлерді көрсетті.

Педагогтар мерекенің барлық қатысушыларына хош иісті, ыстық палау мен бауырсақ дайындады.

Мектеп директоры А.К. Нұрмағанбетова құттықтау сөз сөйлеп, "Шашу" рәсімін өткізді.

Іс-шараны қазақтың ұлттық ойындары жалғастырды.

Мектеп әкімшілігі сыныптардың ата-аналар комитеттеріне, мектептің кәсіподақ комитетіне, мұғалімдерге, мектеп қызметкерлеріне мерекелік іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге көмектескені үшін алғыс білдіреді.