Наурыз мейрамын мерекелеу аясында 20 наурыз күні мектеп ауласында мектеп директоры А.К. Нұрмағанбетованың жетекшілігімен оқушыларға, ата-аналарға, педагогтар мен қонақтарға арналған қайырымдылық үстелдерімен мерекелік концерт өтті. Салтанатты бөлім барысында Кенжебеков Аманали мен Султанбай Арсенханның орындауында халық күйлері шырқалды.

Потапова Алиса, Мурзагалиева Айдана, Айдархан Муслим әндерін орындады.

Қазақ биін көрермендерге 7 А сынып оқушылары Шаймерденова Сабина, Сабыржан Дильназ, Богданова Эльнара, Амантаева Айдана сыйға тартты

Мұғалімдер Хизат А.Х., Испаева А.Е., Нуртазина С.М. , Сулейменова Н.Е., Аржикеева М.М., Тансыкбаева Д.У,

Байсалбаева А.К., Беденов А.К., Махметов А.С., Даиров А.И., Шабанбаева А.А., Ашимова Ж.С., Хамет Б.Д., Касленкина Л.К. ұлттық салт-дәстүрлерді көрсетті.

Педагогтар мерекенің барлық қатысушыларына хош иісті, ыстық палау мен бауырсақ дайындады.

Мектеп директоры А.К. Нұрмағанбетова құттықтау сөз сөйлеп, "Шашу" рәсімін өткізді.

Іс-шараны қазақтың ұлттық ойындары жалғастырды.

Мектеп әкімшілігі сыныптардың ата-аналар комитеттеріне, мектептің кәсіподақ комитетіне, мұғалімдерге, мектеп қызметкерлеріне мерекелік іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге көмектескені үшін алғыс білдіреді.

Наурыз мейрамы аясында Березовка ОМ және Старобелка НМ оқушыларымен бірлескен іс-шара өткізілді. Балалар ойындарға, байқаулар мен жарыстарға қатысты. Күн бірлескен мерекелік концертпен аяқталды, онда балалар вокалдық және хореографиялық қабілеттерін көрсетті. "ES Global agro" ЖШС әкімшілігі қайырымдылық түскі ас ұйымдастырды.
2024 жылдың 18 наурыз күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің оқушылары және ұстаздары «Ұлттық киім кию» челленджіне белсене қатысты.
Мақсаты: ұлттық құндылықты насихаттау, қазақтың салт-дәстүріндегі ұлттық өнегені оқушылар бойына дарыту, елге, жерге, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік сезімін оятып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Ұлттық костюм-бұл ұлттық тарихты, мәдениетті, менталитетті бейнелейтін айна. Наурызнамның республикалық онкүндігі аясында біздің елімізде 18 наурыз күні Ұлттық киім күні Володар ауылдық кітапханасы "ұлттық костюм-ұлт қазынасы"этноателесімен кездесу өткізді.