24 мамыр күні "Володарское орта мектебі" КММ – де 1-8 сынып оқушыларына арналған "Білім-Отанына" бірыңғай республикалық тәрбие сағаты өткізілді, ол ҚР Гимні мен білім министрінің құттықтау бейнеролигін салтанатты орындаудан басталды. Іс-шаралар барысында әрбір тәрбиеленуші халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық конкурстардағы жетістіктері, еріктілік қызметі, Спорттық жетістіктері, сыныптық және жалпы мектептік іс-шараларға, шығармашылық көрмелерге белсенді қатысқаны үшін дипломмен марапатталды.

Мақсаты: білім алушылардың педагогикалық еңбекке деген құрметін, білім алуға деген ұмтылысын және оқу жылындағы жетістіктерін объективті бағалау қабілетін қалыптастыру.

Ұлттық_мектеп_лигасы
2024 жылдың 23 мамыр күні әлеуметтік ұстаздар Алгожина А.Қ., Байбулатова А.Н., АӘТД педагог-ұйымдастырушысы Р.Е. Еслямов, төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Төрегелдиев Ержан Қанатұлы, азаматтық қорғаудың төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық бөлімінің аға тергеушісі, азаматтық қорғау капитаны Сулеймеков Данияр Есенғалиұлымен бірлесе отырып 9,10 сыныптармен «Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері, жазда судағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбында дәріс өткізді.
Мақсаты:
оқушыларға жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы ақпарат беру;
судағы, табиғаттағы, жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға баулу;
өрт болған кезіндегі қауіпсіздік ережелерін бекіту.
2024 жылдың 23 мамыр күні тәрбие ісі орынбасары Амиржанова Б.К., әлеуметтік ұстаздар Алгожина А.Қ., Байбулатова А.Н., әскерилендірілген темір жол күзеті бастығының орынбасары Молдагаипов Ботажан Аусатұлы, «Жаңа Есіл» теміржол станциясының бастығының орынбасары Кагыбатов Ризабек Токтарұлы, «Жаңа Есіл» станциясының желілік полиция бөлімінің қызметкері Нурикенов Гумар Байгенжеұлымен бірлесе отырып 8,9,10 сынып оқушыларымен «Темір жол- қауіпті аймақ» тақырыбында дәріс өткізді.
Мақсаты: темір жол – қауіпті аймаққа жататыны туралы түсінік беру, жол ережесі, жол белгілері туралы білік-дағдыларын дамыту, жолда жүру ережесін есте сақтау.