# bilimim_otanyma<br />2024 жылдың 24 мамыр күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де 1-10 сыныптар аралығында «Білімім – Отаныма» тақырыбында бірыңғай республикалық сынып сағаты өтті. Сынып сағаты Әнұранның орындалуымен басталып, Қазақстан Республикасының оқу - ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың құттықтауымен жалғасты. Сынып сағаттарға ата-аналар да қатысты. Әр сыныпта оқушылар жетістіктері үшін марапатталды.
Жастардың жоғары әлеуметтік белсенділігіне жәрдемдесу, патриотизм сезімін тәрбиелеу, белсенді өмірлік ұстаным дағдыларын қалыптастыру мақсатында 24 мамырда 1-9 сынып оқушылары арасында "Білімiм- Отаныма!" бірыңғай Республикалық сынып сағаттары өткізілді."Es Global agro" ЖШС өкілдері оқу жылын "Өте жақсы" аяқтаған оқушыларға ақшалай сыйлықтар табыс етті.