«Жазғы мектеп» – бұл балалардың белсенді демалысы мен белгілі бір пән бойынша интенсивті дайындық жүргізілетін жазғы лагерьдің бір түрі. Новоишим қазақ орта мектебінің аясында 27 мамырдың 2024 жылы жазғы мектеп өз жұмысын жоспарға сәйкес бастады. Жазғы мектептің мақсаты – оқушылардың оқыту сапасын арттыру, білім алушылардың, соның ішінде үлгерімі төмен білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру мақсатында жүзеге асыру аясында салтанатты түрде ашылды
27 мамыр күні "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ «Жазғы мектеп» жоспарына сай кәсіптік бағдар беруші Т.Б Сердалина мен мектеп психологі М.А Берденова 5-6 сынып оқушыларын «Семейный» супермаркетіне "Пицца" әзірлеуден шеберлік сабаққа апарды. Балалар өз қолдарымен пицца әзірлеп, шеберліктерін танытты. Мақсаты: кәсіп таңдауға бағдарлау.
2024 жылдың 25 мамыр күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де 11 сынып түлектеріне арналған «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік форматта өткен іс-шарада түлектерден ұстаздарға алғыс әндер орындалды, ата-аналар атынан алғыс тілектер айтылды. Сонымен қатар пәндер бойынша үздік түлектер мен қоғамдық жұмыс белсенділерін марапаттау рәсімі өтті
25 мамырда мектеп түлектеріне арналған оқу жылының аяқталуына арналған іс-шара өткізілді. Балалар мұғалімдер мен ата-аналарға алғыстарын білдіріп, сынып жетекшісі Зардыханұлы Асылбекке жылы лебіздері мен тілектерін білдірді. Балаларға емтихандарды сәтті тапсырып, барлық бастамаларына сәттілік тілейміз!