20 мамырда сынып сағаттары өткізілді, онда сынып жетекшілері балаларды жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстырды, жол қозғалысы ережелерін сақтай отырып, қоғамдық орындарда және жол бойында өзін қалай ұстау керектігін еске салды.
2024 жылдың 17 мамырында "Привольное орта мектебі" КММ де аудандық жас мамандар ассоциациясының қорытынды слеті болды. Аталмыш іс-шарада "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ нің ұстаздары: Тания Ахметқызы мен Төрегелді Мадина Асқарқызы "Креактивті оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың логикалық ойлауын дамыту" тақырыбында, Киргизбай Аяулым Бақытжанқызы мен Садық Алтын Булатқызы "Сабақта табысқа жету жағдаятын туғызу тәсілдері" тақырыбында жас мамандарға арнап мастер-класс өткізді. Іс-шара қорытындысы бойынша ұстаздарымыз сертификаттармен марапатталды. Құттықтаймыз!