Меню KDT

Новости

Главная Новости

27.05.2024

«Жазғы мектеп» жоспарына сай кәсіптік бағдар беруші Т.Б Сердалина мен мектеп психологі М.А Берденова 5-6 сынып оқушыларын «Семейный» супермаркетіне "Пицца" әзірлеуден шеберлік сабақ

27 мамыр күні "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ «Жазғы мектеп» жоспарына сай кәсіптік бағдар беруші Т.Б Сердалина мен мектеп психологі М.А Берденова 5-6 сынып оқушыларын «Семейный» супермаркетіне "Пицца" әзірлеуден шеберлік сабаққа апарды. Балалар өз қолдарымен пицца әзірлеп, шеберліктерін танытты. Мақсаты: кәсіп таңдауға бағдарлау.

25.05.2024

«Мектебім, саған мың алғыс!»

2024 жылдың 25 мамыр күні  «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де 11  сынып түлектеріне арналған «Мектебім, саған мың алғыс!»  атты салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік форматта өткен іс-шарада түлектерден  ұстаздарға алғыс әндер орындалды,  ата-аналар атынан алғыс тілектер айтылды. Сонымен қатар пәндер бойынша үздік түлектер мен қоғамдық жұмыс белсенділерін марапаттау рәсімі өтті

25.05.2024

25 мамыр

25 мамырда мектеп түлектеріне арналған оқу жылының аяқталуына арналған іс-шара өткізілді. Балалар мұғалімдер мен ата-аналарға алғыстарын білдіріп, сынып жетекшісі Зардыханұлы Асылбекке жылы лебіздері мен тілектерін білдірді. Балаларға емтихандарды сәтті тапсырып, барлық бастамаларына сәттілік тілейміз!