<div>3 маусымда жазғы мектеп жанындағы лагерь өз жұмысын бастады. Жоспарға сәйкес балалар жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулықпен және лагерьде болу ережелерімен танысты.</div><div>"Танысайық" конкурстық бағдарламасы және "Репка"ертегісін сахналау өткізілді. Әрі қарай, балаларды аспазшы мамандығымен таныстыру және осы мамандықтың маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыру мақсатында балалар ауылдың орталық асханасына барып, содан кейін ойын алаңында ашық ойындар ойнады.</div>
31- мамыр күні 11- сынып оқушылары алгебра пәнінен мемлеттік емтихан тапсырды. Білім алушылар емтиханды сәтті тапсырып шықты. Екі үздік аттестат иегерлері мұғалім еңбегі мен ата-ана үмітін өз бағаларымен дәлелдеді.
31-мамыр - "Саяси қуғын-сүргін және ашыршылық құрбандарын еске алу күні"