Меню KDT

Новости

Главная Новости

05.02.2026

"Рузаевка орта мектебі" КММ кітапханасының жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылдың 3 ақпанында кітапхана меңгерушісі Д.С.Касенова қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай "Жамбыл деп қойылыпты атым сонан..." атты кітап-иллюстрациялық көрмесін рәсімдеді. Көрме оқырмандарды ақынның бай және жан-жақты шығармашылық мұрасымен таныстыруға бағытталған. Экспозицияда Жамбыл Жабаевтың өлеңдер жинағы, оның өмірлік және шығармашылық жолының негізгі кезеңдерін ашатын материалдар, соғыс жылдарындағы оқиғаларға арналған шығармалар, сондай-ақ ақынның кіші отанындағы мұражайы туралы ақпараттық материалдар ұсынылған. Көрменің мақсаты - оқушылардың Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту, оның қазақ әдебиеті мен мәдениетін дамытуға қосқан елеулі үлесін ашу, Қазақстан халқының ұлттық рухани мұрасы мен мәдени құндылықтарына құрметпен қарауды қалыптастыру.

04.02.2026

«Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам»

«Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күніне» орай «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» тақырыбында Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі КММ-де 1–11 сынып оқушыларына арналған сынып сағаттары өткізілді.