Меню KDT

Новости

Главная Новости

18.09.2024

«Оқуға құштар мектеп»

#Оқуғақұштармектеп

2024 жылдың 18 қыркүйегінде «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өтетін 20 минуттық кітап оқу оқушыларымызға берілген тамаша мүмкіндік. Соған орай мектебімізде  кітап оқу сағаты жалғасуда.

Мақсты: Көркем әдебиеттерге деген оқушылардың қызығушылығын арттыру, оқырмандарды машықтандыру,тәрбиелеу,кітаптарға қызықтыра білуге үйрету, ұлттық тәрбиеге баулу.

"Кітап дегеніміз - қоғам. Жақсы кітап жақсы қоғам тәрізді сезім мен санаңды нұрландырады, көркейтеді. Кітап оқу адамның рухани дамуына үлкен әсер етеді. Тұрақты түрде кітап оқудың тағы да бір пайдасы: оқушылардың сөздік қоры артады. Өйткені, кітаптың беттерінде күнделікті өмірде қолданылмайтын сөздер кездеседі. Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы.

17.09.2024

“Новоишим қазақ орта мектебі” КММ-де сынып жетекшілердің әдістемелік отырысы

2024 жылдың 12 қыркүйек күні “Новоишим қазақ орта мектебі” КММ-де сынып жетекшілердің әдістемелік отырысы өтті. Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды:
I. 2024-2025 оқу жылында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері. /ТІО Амиржанова Б.К./
1) Мектептің ішкі тәртіп ережелері.
2) Біртұтас тәрбие бағдарламасының іске асырылуы туралы.
3) Қауіпсіздік сабақтары туралы
4) Ата-аналарға педагогикалық қолдау орталығының қызметін ұйымдастыру
II. Мерекелерді ұйымдастыру тәртібі туралы / Төрегелді М.А./
III.Әр-түрлі ұйымдастырушы сұрақтар
Нәтижесінде қорытындылар жасалып, ұсыныстар берілді.

17.09.2024

Қорқытудың алдын алу

16 қыркүйекте жеке тұлғаның табысты әлеуметтенуі үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында және балалардың психикалық және физикалық денсаулығын сақтау шеңберінде мектеп ортасында буллингтiң алдын алуға бағытталған сынып сағаттары өткізілді.

17.09.2024

«Ақберен»

17 қыркүйекте «Ақберен» байқауының облыстық кезеңі өтті, онда 10-сынып оқушысы Мұқанов Сұлтанмахмұт 3 орынға ие болды. Сұлтанмахмұт пен жетекші Алма Үкiбасқызын құттықтаймыз!

16.09.2024

Футболдан облыстық турнир

14 қыркүйекте Қостанай қаласында 2008 жылы туған жасөспірімдер арасында футболдан облыстық турнир өтті. Біздің команда жарыс қорытындысы бойынша 2 жүлделі орынға ие болды. Біз балаларды және жаттықтырушы Асылбек Зардыханұлын құттықтаймыз! Сізге одан әрі жеңістер тілейміз!