Меню KDT

Новости

Главная Новости

25.09.2024

Ата-аналарға арналған жадынама: Интернетте не істеуге болмайды? Баланың әрекетін қалай басқаруға болады? Баланың қандай мінез-құлқына назар аудару керек? Балаға қалай көмек көрсету қажет? Қайда жүгіну керек?

Ата-аналарға арналған жадынама: Интернетте не істеуге болмайды? Баланың әрекетін қалай басқаруға болады? Баланың қандай мінез-құлқына назар аудару керек? Балаға қалай көмек көрсету қажет? Қайда жүгіну керек?

25.09.2024

Ауыл оқушыларына арналған Олимпиада

25 қыркүйекте ауыл оқушыларына арналған олимпиаданың салтанатты ашылуы өткізілді, оны ҚР Білім министрлігі дарынды, талантты балаларды анықтау және қолдау, халықаралық деңгейдегі олимпиадаларға қатысуға ынталандыру мақсатында әзірлеген.

Зияткерлік жарыстарға республиканың ауылдық мектептерінде оқитын 9-11(12) сынып оқушылары қатыса алады. Олимпиада аудандық, іріктеу және республикалық кезеңдерден тұрады. Олимпиаданың басталуына арналған салтанатты жиында мектеп президенті Ткаченко Кирилл балалар алдында сөз сөйледі, ол өткен оқу жылында осы олимпиаданың жеңімпазы болған. Ол балалармен зияткерлік байқауға қатысу тәжірибесімен бөлісті және биылғы қатысушыларға табыс тіледі. Шара соңында олимпиадаға қатысушыларды қолдау аясында флешмоб ұйымдастырылды.

25.09.2024

“Дін саласындағы ҚР заңнамасын бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік” және “ Солтүстік Қазақстан облысындағы діни ахуал”

#Біртұтас_ тәрбие

2024 жылдың 25 қыркүйек күні “Новоишим қазақ орта мектебі” КММ-де “Дін саласындағы ҚР заңнамасын бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік” және “ Солтүстік Қазақстан облысындағы діни ахуал” тақырыбында кездесу өтті. Абай облысы “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ директоры Өмірханов Мақсат Ерланұлы, Жастар ресурстық орталығының теологі Ермек Мыңжасармен кездесуге 8-11 сынып оқушылары белсене қатысты. Іс-шара барысында оқушылар діннің бағыттарымен танысып, басқа ағымдағы діндерден аулақ жүруге кеңес алды. Оқушыларға жалпы әлемде болып жатқан террорлық әрекеттер туралы, сонымен қатар дәстүрлі емес діни ағымдардан қалай сақтану керектігін, олардың қоғамға тигізер зияны туралы сөз қозғады. Шара сонында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, пікірлерімен бөлісті.
Cонымен қатар Мақсат Ерланұлы сынып жетекшілер мен пән мұғалімдерімен аталмыш тақырыпта жеке әңгімелесу жргізді.