Қарттар күнін мерекелеу аясында "Бірлік" еріктілер жасағының мүшелері педагогикалық еңбек ардагерлеріне құттықтау хаттарын табыс етті.
Биылғы оқу жылында «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорының қолдауымен білім алудың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында материалдық-техникалық база жаңартылды. «No1 Новоишимская орта мектебі» КММ 248 миллион теңгеге заманауи құрал-жабдықтар, жиһаздар, компьютерлік техника алынды.
30 қыркүйекте экология бойынша сынып сағаттары өткізілді. Балалар педагогтардың сұрақтарына жауап берді, қазіргі заманның экологиялық мәселелерін талқылады, шығармашылық тапсырмаларды орындады. Мектептің тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын жүзеге асыру аясында апта сайын сынып сағаттарында балалардың жеке қауіпсіздігі бойынша сабақтар өткізіледі.