<p>2024 жыл 19 қараша күні апталық барысында Жумагалиева Майра Чапаевна 3 сыныптар арасында «Умники и умницы»атты интеллектуалды сайыс өткізді.Сайыс барысында сұрақтар қойылып,жұмбақтар шешілді. Мұғалім мақалды бастап,оқушылар аяқтап жалғастырып белсене,қызыға қатысып отырды.Көп ертегілердің дұрыс жауаптарын шеше отырып,өз білімдерін көрсетті.Оқушылар өте жақсы қатысып отырды.Сайыстың соңында ең жақсы қатысқан оқушыларды марапаттап кетті.</p>
<p> 2024 жыл 19 қараша күні 3 сыныптар арасында "Ағылшын тілін үйренудегі алғашқы қадамым" атты сабағын ағылшын пән мұғалімі Смагулова Алтын Төлебаевна өткізді. Сабақ барысында оқушылар алфавиттің алғашқы 4 әрпін үйреніп танысты; баспа және жазбаша әріптерді дұрыс жазуды үйренді, топтарға бөлініп, ағылшын тіліндегі сөздік қорын дамыту мақсатында, күнтізбелік тақырып бойынша "Менің отбасым" тақырыбына суреттер арқылы сөздік қорларын дамытты, сабақты қызықты әрі көңілді өткізу барысында пазлдарды жинау арқылы , кроссворд толтыру арқылы бекітті.</p>