ҚР Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында 10-сынып жетекшісі Т.П.Шульга Қазақстан Тәуелсіздігін қалыптастырудағы тарихи тұлғалардың рөліне арналған сынып сағатын өткізді.
2024 жылғы 12 желтоқсанда мектепте мұғалімдер арасында интеллектуалды ойын өткізілді. Ойынның мақсаты – ұстаздардың білім деңгейін арттыру, ойлау қабілетін дамыту және ұжымдық жұмысты нығайту болды. Ойынға барлық пән мұғалімдері қатысты.

⚡Ойын бірнеше кезеңнен тұрды, әр кезеңде қатысушылар әр түрлі сұрақтарға жауап беріп, логикалық тапсырмаларды орындады. Сұрақтар жалпы білім саласынан, соның ішінде тарих, әдебиет, ғылым және өнер сияқты тақырыптардан болды. Әр дұрыс жауапқа ұпай беріліп, ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанды.

💫Ойын барысында мұғалімдер арасында достық қарым-қатынас орнап, бірігу мен ынтымақтастыққа ықпал етті. Сондай-ақ, қатысушылар өз білімдерін тексеріп, жаңа ақпараттармен танысты.
Интеллектуалды ойын қорытындысы бойынша жеңімпаз команда марапатталды, ал қалған қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары берілді. Мұғалімдер осындай іс-шаралардың оқу процесінде де пайдалы әрі қызықты екенін атап өтіп, келешекте тағы да ұйымдастыруды ұсынды.

Өткізген: Садық А.Б, Төрегелді М.А, Киргизбай А
2024-2025 оқу жылының 12 желтоқсан күні 11 сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы өткізілді. Мақсаты: ҰБТ-ге дайындық. Оқушыларды психологиялық түрде қолдау.Пән мұғалімдерінің консультация кестесі. Әртүрлі сұрақтар болды. Оқу ісінің орынбасы Г. Мұхтарқызы ҰБТ-ге дайындық туралы айтып өтті. Мектептің кәсіптік бағдар беруші Т.Б Сердалина қатысты. Өз баяндамасында ата-аналарға әр оқушының таңдаған мамандығы, соған сәйкес бейіндік пәндері, сол мамандықты оқытатын ЖОО және олардың шекті баллдары, мемлекеттік гарнтқа түсу үшін жинау керек ұпай саны, ақылы оқыған уақытта жылына төленетін оқу ақысы туралы ақпарат берді. Мектеп психологы Берденова М.А оқушыларды ҰБТ алдында психологиялық және эмоцияналдық дұрыс қолдау көрсету тақырыбында кеңес берді.Сонымен қатар пән мұғалімдері ата-аналарға консультация жүргізді.