"Бірлік" еріктілер жасағының мүшелері аға тәлімгер А.Панфилованың жетекшілігімен ауылдың жалғыз тұратын зейнеткеріне қар тазалауға көмек көрсетілді.
Республикалық "Педагогикалық идеялар" фестивалінің облыстық кезеңінде І орын алған Арманбек Бекбайұлын құттықтаймыз! Алматы қаласында өтетін Республикалық кезеңде сәттілік тілейміз!
<div>13 желтоқсан күні қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша ауыл оқушыларына арналған II Республикалық олимпиаданың қорытындысы шығарылды. Соңғы кезеңге еліміздің ең шалғай бұрыштарынан 450 оқушы қатысты.</div><div>Үш күндік зияткерлік жарыстың қорытындысы бойынша 197 оқушы жоғары білім деңгейін көрсетті. Оның ішінде 36 жеңімпаз-алтын, 65 күміс және 96 қола медаль иегерлері.</div><div>11 "Б" сынып оқушысы Бекеева Сати "Құқық негіздері" пәні бойынша ауыл мектептерінің оқушыларына арналған Республикалық олимпиадаға қатысып, қола жүлдегер атанды. Жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы Шремзер Виктор Викторович! Сати мен Виктор Викторовичті жарқын және лайықты жеңіспен құттықтаймыз!</div>
5-10 сынып оқушылары аурулардың алдын алу, балаларды вирустық инфекцияның алдын алу және белгілері туралы ақпараттандыру мақсатында "Тұмау" тақырыбы бойынша диктанттар жазды.