<div>Жаңа жыл-өмірдің жаңа беті. Сонымен, оған бос орын болмасын, ол көптеген түстермен, жарқын оқиғалармен және шытырман оқиғаларымен толсын. Жаңа жылда сәттілік, табыс пен өркендеу болсын.</div><div>27 желтоқсанда 1-10 сынып оқушыларына арналған жаңа жылдық іс-шаралар өткізілді. Балалар ертегі кейіпкерлерімен кездесті, байқауларға қатысты, ән айтты, би биледі және өлең оқыды.</div>
2024 жылдың 23- желтоқсаннан 26- желтоқсан аралығында білім алушылардың функционалдық сауауттылығын дамыту барысында тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары бойынша мектеп мұғалімдері 2 Новоишим орта мектебі мұғалімдері арасында өзара тәжірибе алмасу ұйымдастырылды.
Оқу- ағарту министрі Ғани Бейсембаев 2024 жылдың 26 желтоқсан күні ауыл мектептерінің педагогтерімен кездесу өткізді. Бұл кездесуге Солтүстік Қазақстан облысы, Ғ.Мүсірепов атындағы ауданы, Новоишим қазақ орта мектебінің оқу ісі орынбасары Жолдаспаева Г. М. қатысты. Кездесу барысында "Ауыл мектебі - сапа алаңы" республикалық жобаның қорытындысы шығарылды. Кездесу жаңа форматта өтіліп, білім саласына қатысты өзекті сұрақтар қозғалды. Шара соңында Жолдаспаева Г.М. білім жолында қосқан үлесі үшін Оқу -ағарту Министрінің "Оқу ісінің шебер ұйымдастырушысы" дипломымен марапатталды.
26 желтоқсанда біздің мектеп оқушылары аудан әкімінің Шыршасына қатысып, көптеген жағымды эмоциялар мен әсерлерге ие болды. Балаларды аудан әкімі Р.А.Анбаев құттықтап, оларға денсаулық және табысты оқу тіледі. Әрі қарай балалар ертегі кейіпкерлерімен ойын ойнап, ән айтып, би биледі.
#Біртұтас_ тәрбие<br />2024 жылдың 23 желтоқсан күні саптүзеуде «Менің Тәуелсіз Қазақстаным!» тақырыбында өткен эссе байқауының женімпаздары, Грек-рим күресінің облыстық фестивалінің жеңімпаздары, еркін күрестен өткен спорттық жарыстардың жүлдегерлері мадақтамалар мен медаль, кубоктармен марапатталса, химия пәні мұғалімі Төрегелді М.А. педагогикалық идеялар фестивалінің облыстық кезеңінде 3 орын алғаны үшін дипломмен марапатталды.<br />Сонымен қатар тәрбие ісі орынбасары Амиржанова Б.К. оқушыларды Жаңа жылдық шыршалар кезінде, қоғамдық орындарда және басқа адамдар көп жиналатын орындарда өзін-өзі ұстау ережелерімен, пиротехникалық құралдарды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныстырды.