2025 жылғы 29 мамырда Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның ТЖБ-нің №16 өрт сөндіру бөлімшесінің аумағында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай аудан мектептерінің оқушылары үшін экскурсия өткізіліп, өрт сөндіру техникасы мен жабдықтарының көрсетілімі ұйымдастырылды.
Новоишим қазақ орта мектебінде 2024-2025 оқу жылының №5 педагогикалық кеңесі жаңа форматта ұйымдастырылды. Бірінші кезеңде әр әдістемелік бірлестіктері музыкалық сәлемдеме жолдап, «Оқу жылындағы оқушы мен мұғалім жетістігі» деген тақырыпта постер қорғап шықты. Жыл бойы еңбек еткен ұстаздардың жұмыстары сараланып, мектепішілік рейтинг бойынша ұстаздардың жетістіктері таныстырылды. Мектеп директоры Балжан Шариповна әр әдістемелік бірлестік жұмысын бағалап, марапаттады.
Педкеңестің екінші кезеңінде оқу жылының білім сапасы талқыланды. Оқушылардың оқу сапасын жақсартуды көздеген педагогикалық кеңесте бірнеше тақырыптағы өзекті мәселелер көтерілді.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. IV тоқсан, жылдық қорытынды бойынша білім алушылардың үлгерімі мен білім сапасының талдауы.
2.Қазақ тілі пәні бойынша емтихан қорытындысы
3. Оқу жылын аяқтау,1-8,10 оқушылар сыныптан – сыныпқа көшіру. Мақтау қағаздарымен марапаттау.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, оқу жылының қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды.