025 жылғы 19 қыркүйекте «Пески орта мектебі» КММ-нің 5–10 сынып оқушыларымен профилактикалық әңгіме өткізілді. Кездесуді Габит Мүсірепов атындағы аудан ОМПС ОП учаскелік полиция инспекторы — Шупанов Д.С., мектептің әлеуметтік педагогы — Мынбаев Т.Э. бірлесе жүргізді.

Кездесу барысында келесі өзекті тақырыптар қарастырылды:

2025 жылдың 19 қыркүйегінде «Адал Азамат» бағдарламасы және «Ауыл зейнеткерлеріне көмек» акциясы аясында «Пески орта мектебі» КММ -нің 10-сынып волонтёрлері сынып жетекшісімен бірге ауыл тұрғындары Ковач Т.И. мен Лупович З.Н.-ға барып, қолдан келген көмектерін көрсетті.

Оқушылар зейнеткерлерге шаруашылықтарында көмектесіп, аулаларын ретке келтірді.

Осындай іс-шаралар арқылы оқушылар қамқорлықты, үлкен буынға құрметпен қарауды үйреніп, азаматтық белсенділіктің маңызын түсінеді.

2025 жылдың 18 қыркүйегінде «Адал Азамат» бағдарламасы және «Ауыл зейнеткерлеріне көмек» акциясы аясында «Пески орта мектебі» КММ 9-сынып оқушылары сынып жетекшісімен бірге ауыл тұрғындары Мушта Л. мен Чечета Г.В.-ға қолдан келген көмектерін көрсетті.

Оқушылар зейнеткерлердің үйлерінің аумағын ретке келтіріп, шаруашылық істеріне жәрдемдесті. Барлық жұмыс жылы, достық қарым-қатынаста өтті.

Мұндай акция тек еңбекке көмектесу ғана емес, сонымен қатар үлкендерді құрметтеуге, мейірімділік пен жанашырлыққа тәрбиелейді. Оқушылар бастамашылдық, еңбекқорлық және үлкен буынға шынайы жылы қатынас танытты.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Ү.Иманова Қазақстан халқының Тілдер күніне арналған "Тіл мерейі - ел мерейі" атты дөңгелек үстел өткізді.

«Пески орта мектебі» КММ-де Отбасы күні аясында бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Сизенко А.Н. ұйымдастырған «Менің отбасым – баланың көзімен» тақырыбында оқушылардың суреттер көрмесі өтті.

Іс-шараның мақсаты:

Балалардың отбасы құндылықтары туралы түсінігін қалыптастыру, шығармашылық ойлауын және бейнелеу қабілеттерін дамыту, отбасылық образды көркем өнер арқылы бейнелеу.

Бастауыш сынып оқушылары өздерінің шығармашылық жұмыстарын ұсынып, онда жақындарын, отбасылық дәстүрлерін және үй ішінің жылулығы мен жайлылығын шынайылықпен әрі ыстық ықыласпен бейнеледі.