2025 жылы 24 қазанда Республика күніне орай "Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі" КММ-де "Қыран елім - Қазақстан" атты салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың еліміз туралы тарихи, мәдени және географиялық білімдерін кеңейту, Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктеріне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру, логикалық ойлау, талдау және топпен жұмыс жасау дағдыларын дамыту, сондай-ақ оқушыларды отансүйгіштікке, бірлік пен достыққа тәрбиелеу болды.
22 қазан күні 9 "Ә" сынып жетекшісі Садық А.Б. Республика күні қарсаңында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының жоспарына сәйкес ашық тәрбие сағатын өткізді.
"Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі" КММ-де Республика күні қарсаңында дене шынықтыру пәні мұғалімдері Сердалин Р.Е. мен Көкқыз Қ. ұйымдастыруымен "Тәуелсіздік кубогі" атты мектепішілік футбол және волейбол турнирі өтті.
2025 жылдың 21 қазан күні, Республика күні қарсаңында "Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі" КММ-де "Қазақ поэзиясы" күні аясында 2–4 сынып оқушылары арасында «Менің Қазақстаным» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Іс-шараның ашылуы Мемлекеттік гимнді айтумен басталып, отан, ел, тақырыбындағы қалам тартқан авторлардың шығармаларын оқумен жалғасты.
еспублика күні мен Мемлекеттік Егемендік туралы Декларацияның 35 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары аясында "Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі" КММ-де «Жастар және жасыл дәстүр» жобасы шеңберінде маңызды экологиялық шара өтті.
"Ең үздік сынып – 2024" байқауының жеңімпаздары анықталды!
"Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі" КММ-де "Еңбегі адал – жас өрен" жобасы шеңберінде даярлық топ тәрбиеленушілері мен 1–4 сынып оқушылары арасында "Алтын күз" тақырыбында қолөнер туындылары байқауы ұйымдастырылды.