Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

BILIM land

block2_eop.png?_=1495530161
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

Қазақстанның тәуелсіздігі қарсаңына орай мұраж

Сенің әрір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзу қараймын,
Ана тілім,
Егер сені білмесем.     
                                       Н.Айтов
 
Қазақстанның тәуелсіздігі қарсаңына орай мұражайымызда«Поэзия кеші» өтті. Кешімізді  тарих пәнінің мұғалімі Тюлегенов А.М. еліміздің тарихына шолу жасай отырып ашты. Себебі ел-жұртымыздың тарихын білу ер-азаматты ерлікке, елдікке, Отан сүйгіштікке баулитынын білеміз.
Оқушылар ақын-жазушылардың өлеңдерін нақышына келтіре отырып, мәнерлеп жатқа оқып берді. Соның ішінде 8-сынып оқушысы Кабдрашева Индираны, 7-сынып оқушысы Бегалина Алтынкүнді ерекше атап өтуге болады. Ары қарай  логикалық тапсырмалар беріліп, оқушылар өз елінің тарихын қаншалықты білетіндерін айтып дәлелдеді. Қазіргі білім саласындағы талап «Үштілділік» болғандықтан тапсырмалар қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілінде берілді. Оқушылар берілген тапсырмаларды жақсы, шапшаң орындады.
Ана тілді жақсы меңгеріп, өзге тілдерді де білген артық емес. Тіліміз, тарихымыз арқылы  халқымызды, Отанымызды танып білеміз. Сондықтан, болашақ ұрпақтың бойында елге, Отанына деген сүйіспеншілікті оята  білуге міндеттіміз.

 

 

 



Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь